22 қыркүйек 2023 16:29

Тоқаев Германияға ресми сапармен барады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

Сонымен қатар, Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети