23 мамыр 2023 17:57

Тоқаев Италия премьер-министріне көңіл айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 15 миллиард долларға жуықтады. Елдеріміз экономиканың түрлі саласында тығыз қарым-қатынас жасап келеді. Қазақстанда Италияның 270-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары энергетика, көлік, өнеркәсіп кооперациясы және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети