26 қазан 2021 12:14

Цой коронавирусқа қарсы ақылы вакциналар туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты ақылы негізде вакциналау үшін Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакциналарды жеткізу бойынша келіссөз туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты ақылы негізде вакциналау үшін Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакциналарды жеткізу бойынша келіссөз туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер Денсаулық сақтау министрлігінің басшысынан қазақстандықтар ақылы негізде Astrazeneca немесе Pfizer вакциансын салдыра ала ма деп сұрады.

"Бұл коммерциялық компаниялардың вакцинаны нарыққа шығаруына байланысты. Қазір олармен келіссөз жүргізіп жатырмыз, бірақ кез келген жағдайда сынақтан өткен тегін вакциналар болады, олар басқа вакциналардан еш жаман емес. Олар қолжетімді, тегін алуға болады.

Қазір коммерциялық компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл - бизнес аумағы. Кәсіпкерлерден вакциналарды жеткізу, сұранысты және халықаралық нарықтан импорттау мүмкіндігін талдауды сұраймыз", - деді Цой.

ДСМ басшысы коронавирусқа қарсы вакциналардың бағасы туралы сұраққа да жауап берді.

"Оны айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Бірақ жалпы алғанда, вакциналар арзан. Мысалы, басқа вакциналарды қарастырар болсақ, онда олар әртүрлі шекте ауытқиды – 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін. Сондықтан коммерциялық сегментте қандай баға алынатынына байланысты қарау керек. (...) Мысалы, бір вакцинаны сатып аламыз, бірақ сонымен қатар коммерциялық нарықта баламалы аналогтарды ұсынуға мүмкіндік береміз", - деп қосты Алексей Цой.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети