20 ақпан 2023 17:44

Түркиядағы жер сілкінісі: апат аймағында қанша қазақстандық болған?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы бірнеше жер сілкінісі кезінде 190 қазақстандық апат аймағында қалып қойған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркиядағы бірнеше жер сілкінісі кезінде 190 қазақстандық апат аймағында қалып қойған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ведомство қаражаты жоқ кейбір азаматтарға Қазақстанға әуе билеттерін сатып алуға көмектескен.

"Отанына оралуға ниет білдірген 78 азаматымыз апат аудандарынан гуманитарлық әуе кемелерімен Астана және Алматы қалаларына жеткізілді. Осы борттармен Қазақстанға 24 Қырғызстан азаматы және елге оралған отандастарымыздың отбасы мүшелері саналатын Түркияның 5 азаматы жеткізілді. Министрліктің және жергілікті әкімдіктердің көмегімен олар көлікпен қамтамасыз етілді, сондай-ақ баспанаға мұқтаж азаматтар Алматы және Астанадағы қонақүйлерге орналастырылды", - делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы жер сілкінісінен кейін апат аймағында қалған қазақстандықтар туралы да айтты.

"Түркиядағы ең ауыр жер сілкінісінен кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне және шет елдердегі мекемелеріне ҚР азаматтарынан 1200-ден аса өтініш келіп түсті. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде апат аймағында жер сілкінісі кезінде қалып қалған 190-нан аса отандастарымыздың орналасқан жері анықталды", - делінген хабарламада.

Қираған инфрақұрылымды, апатты жағдайды және тұрғын үйлердің толық бұзылуын ескере отырып, дипломаттардың көмегімен отандастарымызды қауіпсіз жерлерге (Анкара және Стамбул қалаларда) жеткізу үшін автобустар ұйымдастырылды, деді СІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети