15 шілде 2020 23:17

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қосман Айтмұхамбетов © kp.kz Қосман Айтмұхамбетов © kp.kz

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазды.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңір әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде жазды.

"Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын!", - делінген хабарламада.

Оның өлім себебі айтылмайды.

Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысында дүниеге келген. 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын, 2006 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Кейінгі жылдары Қосман Айтмұхамбетов өңірлік даму вице-министрі, Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети