Түркістан облысында судья 9 мың теңге пара алғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында судья 9 мың теңге пара алғаны үшін сотталды © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында тоғыз мың теңге көлемінде пара алған судья сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында тоғыз мың теңге көлемінде пара алған судья сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сот үкімі 14 қазанда шығарылған.

"Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәрсембаев үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол әкімшілік хаттаманы толтыру кезінде анықталған тәртіп бұзушылықтар бойынша қаулы шығармағаны үшін Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторынан тоғыз мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ведомство өкілдері Алматы мәйітханасы директорының ұсталған видеосын жариялаған болатын.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.76  course up  582.47  course up  6.46  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети