©Нұрғиса Елеубеков
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов бірнеше банктің жабылатыны жөнінде жаппай тараған SMS-хабарламалар туралы түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Бұл бірқатар банкте дүрлігу туғызды. Біз банктерде ұзын-сонар кезекке куә болдық, құқық қорғау органдарына, соның ішінде, Бас прокуратураға шағымданып, ақпарат таратушылардың жолын кесіп, анықтауды сұрадық. Менің ең басты айтқым келетіні - қазақстандық банктердің қаржылық жағдайы тұрақты, олар шетелдік валютамен де, теңгемен де жеткілікті қаржыға ие", - деді Келімбетов. Нақты айтқанда, Ұлттық банк төрағасына 10 банктің басшысы жағдайларының тұрақты екенін растаған. "Валютаға жоғары сұраныстың бары рас, бірақ сұраныс қанағаттандырылып жатыр. SMS-шабуылға келсек, бұл - арандатушылық. Мүмкін, қандай да бір күйзеліс бар болар, бірақ біз сабыр сақтауды өтінеміз", - дейді Ұлттық банк төрағасы. Келімбетов өзін қазақстандық банктер төңірегіндегі ахуалды кімнің және неліктен тұрақсыздандырғысы келетіні қызықтыратынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, қазір арандату мазмұнындағы хабарламалар жаппай таралғалы бері депозиттердің қанша пайызға жылыстағаны есептеліп жатыр. Айта кетейік, бұған дейін арандатудан зардап шегуші банктердің бірі - Kaspi bank жалған ақпарат таратқан адам жөнінде хабар жеткізгенге 100 млн теңге сыйақы беретінін хабарлаған еді.
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов бірнеше банктің жабылатыны жөнінде жаппай тараған SMS-хабарламалар туралы түсінік берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл бірқатар банкте дүрлігу туғызды. Біз банктерде ұзын-сонар кезекке куә болдық, құқық қорғау органдарына, соның ішінде, Бас прокуратураға шағымданып, ақпарат таратушылардың жолын кесіп, анықтауды сұрадық. Менің ең басты айтқым келетіні - қазақстандық банктердің қаржылық жағдайы тұрақты, олар шетелдік валютамен де, теңгемен де жеткілікті қаржыға ие", - деді Келімбетов.
Нақты айтқанда, Ұлттық банк төрағасына 10 банктің басшысы жағдайларының тұрақты екенін растаған. "Валютаға жоғары сұраныстың бары рас, бірақ сұраныс қанағаттандырылып жатыр. SMS-шабуылға келсек, бұл - арандатушылық. Мүмкін, қандай да бір күйзеліс бар болар, бірақ біз сабыр сақтауды өтінеміз", - дейді Ұлттық банк төрағасы.
Келімбетов өзін қазақстандық банктер төңірегіндегі ахуалды кімнің және неліктен тұрақсыздандырғысы келетіні қызықтыратынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, қазір арандату мазмұнындағы хабарламалар жаппай таралғалы бері депозиттердің қанша пайызға жылыстағаны есептеліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін арандатудан зардап шегуші банктердің бірі - Kaspi bank жалған ақпарат таратқан адам жөнінде хабар жеткізгенге 100 млн теңге сыйақы беретінін хабарлаған еді.