20 қараша 2020 20:00

Үш жасқа дейінгі балаларға неге гаджет беруге болмайды? Логопед-дефектологтың кеңестері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Логопед-дефектолог Аида Дадыбаева I-BALAQAI жобасының эфирінде баланың сөйлеуін дамытудың қалыпты кезеңдерін атады, сондай-ақ үш жасқа дейінгі балаларға неге гаджет беруге болмайтынын түсіндірді. Tengrinews.kz сұхбаттың үзінділерінің мәтіндік нұсқасын дайындады.


Логопед-дефектолог Аида Дадыбаева I-BALAQAI жобасының эфирінде баланың сөйлеуін дамытудың қалыпты кезеңдерін атады, сондай-ақ үш жасқа дейінгі балаларға неге гаджет беруге болмайтынын түсіндірді. Tengrinews.kz сұхбаттың үзінділерінің мәтіндік нұсқасын дайындады.

I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.

Аида Дадыбаеваның айтуынша, егер Кеңес одағында стандартталған нормалар болса, қазір олар өзгеріске ұшыраған. Ол мұны жаңа технологиялардың пайда болуымен байланыстырады.

"Бұл балалардың өзгеруіне емес, көптеген жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты. Ол сөйлеуді кешіктіреді, оның алға жылжуына көмектеспейді. бала туған кезде бірден сөйлей бастайды және көп нәрсе бала құрсақта жатқан кезден бастап ата-ана оның сөйлеуін дамытуға қаншалықты дайын болуына байланысты". 

Балалар туғаннан бастап айтылған сөзге көңіл бөледі. Екі айлығында нәресте сөйлеудің негізін салады - былдырлау.

"Ең бастысы, осы процеске назар аудару керек. Егер ата-аналар баланың сөйлеуінің даму кезеңдерін түсінбесе, онда, әрине, олар баласының сөйлеуі дамып-дамымағанын түсінбейді", - дейді логопед-дефектолог.

Былдырлау кезеңінен кейін 5-тен 8 айға дейін созылатын жаңа кезең басталады. Сонымен бірге, эфир қонағы осы уақытта баламен бір тілде сөйлесу маңызды екенін баса айтады.

"Біз баламыздың бірден бірнеше тілде дамығанын қалаймыз. Иә, егер баланың дені сау болса, соматикалық жағдайы және неврологиялық статусы жақсы болса, оны үйренуге болады. Бірақ ол ұзаққа созылады, неге? Себебі бастапқы формадағы сөйлеудің бәрі бірдей "па-па-па", "ма-ма-ма", "ба-ба-ба" - барлық тілде осылай. Содан кейін, мысалы, орыс тілінен қазақ тіліне ауысады. Бұлар әр түрлі дыбыстық формалар, ал балаға қалыптасу қиынырақ болады", - деп түсіндіреді ол. Оның сөзінше, бұл жағдайда былдырлау мерзімі ұзақ болады - 9-10 айға дейін.

"Егер екі жасар бала сөйлемесе, онда дабыл қағу керек", - деп санайды маман.

Оның айтуынша, бала бір жасында алғашқы сөздерін айта бастайды, яғни ол саналы түрде "ана", "әке" деп айта алады, бірақ ең маңызды сөздер басқа:

"Баланың бір жылдан бір жарым жылға дейін айтуы керек ең маңызды сөзі - "бер". "Бер" - бұл баланың түсінігінің қаншалықты тиімді қалыптасып келе жатқанын тиімді түрде көрсететін етістік". 

Балалар қажеттіліктерін "мә" және "қалаймын" сөздері арқылы да білдіре алады. Маңыздысы - бұл әрекеттің саналы болатынына назар аудару керек.

Екі жасқа дейінгі балалардың ата-аналары қандай жағдайда маманға (невропатолог немесе логопед-дефектолог) жүгінуі керек

- Мінез-құлқы айналасына байланысты, ойыншықтармен ойнамайды. Бір жасқа дейін нәресте ойыншықтармен қандай да бір әрекет жасауы керек.
- Ата-аналардың іс-әрекетіне еліктемейді.
- Қалауын, талабын көрсетпейді (сөзбен ғана емес, ыммен де).
- 6-7 айлығында есімін айтса, қарамайды. 

"Балам 2 жасында сөйлемейді, бірақ бәрін түсінеді" дейтіндер бар, бұл әдетте сөйлеудің кешігуін білдіреді. Өкінішке қарай, көптеген логопед пен дәрігерлер қазір "Үш жасқа дейін күтіңіз, сөйлеп кетеді" дейді. Иә, әрине, егер баланың жағдайы жақсы болса, жүйке жүйесінде ешқандай проблемалар болмаса, егер ол сау болса, әрине сөйлеп кетеді", - дейді маман.

Ол ата-аналарға адам дамуы қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен жүретінін ескертеді, сондықтан кезеңдерді аттап өту жақсы нәтиже бермейді екен.

"Ата-аналар: "Ол еңбектеген жоқ, бірден жүріп кетті" дейді - бұл дамудың бір кезеңін өткізіп жіберуі. Мұнда бала өткізіп жіберген кезге оралып, осы сәттен бастау керек. Бұл баланың сөйлеу қабілетінің дамуын қалыптастырады".

Сөйлеу кідірісінің тағы бір себебі - бұл баланың көзге, артикуляциялық аппаратқа назар аударуына байланысты қалыптасатын қарым-қатынастың болмауы. Аида Дадыбаева өз балаларымен сөйлесетін ата-ана саны өте аз екенін айтады.

"Балаларымен сөйлеспейтін аналар бар. Олар балаларын автоматты түрде тамақтандырды, жатқызады. Баламен ойнау керек. Бала бесікте тыныш жатыр, бұл жақсы деп ойламау керек. Бұл жақсы емес. Бұл жаман, бала қоршаған ортаға қарап, әлемді тануы керек. Таным арқылы ғана сана келеді", - дейді ол.

Сонымен қатар, әр жасқа арналған нормалар бар екенін есте сақтау қажет, яғни, егер бала 3 жасында "P" дыбысын айтпаса, алаңдауға негіз жоқ. Бірақ егер 5 жасында дәл осындай мәселе болса, онда логопедке жүгінген жөн.

21 ғасырдың ауруы. Гаджетке тәуелділік

"Егер үш жасқа дейінгі бала гаджет қарап, күні бойы теледидар алдында отырса, оның когнитив функциялары қалыптаспайды. Ол баланың жеке тәжірибесінен ғана қалыптасады - ол көреді, ұстайды, түсінеді", - дейді Аида Дадыбаева. 

Ол өз тәжірибесінен мысал келтірді. Ата-анасы алты ай бойы компьютер мониторының алдында отырған кішкентай баласының сонымен сөйлесетінін байқай бастаған. Сонымен қатар, бала өмірде сөйлесуден қашқақтаған.

"Бұл қорқынышты көрініс. Себебі олардың өздері өз қолдарымен баланың даму процесін тоқтатты. Ал үш жасында түсініп жатыр, ал үш жасында бала егжей-тегжейлі сөйлеуі керек", - деп түйіндеді ол.

Эфирдің видеожазбасын I-BALAQAI YouTube-каналынан қарай аласыздар.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады.

Сондай-ақ, бұл материал подкаст ретінде де қол жетімді, SoundCloud, Anchor.FM, "Яндекс.Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети