Ұйықтап жатқаны видеоға түсірілген полицейлер қалай жазаланды?

12 Ақпан, 13:35
0
Ұйықтап жатқаны видеоға түсірілген полицейлер қалай жазаланды? - © видеодан алынған кадр
© видеодан алынған кадр

Полиция департаменті қызметтік көлікте полиция қызметкерінің ұйықтап жатқан кезінде түсірілген видеоға байланысты қызметтік тексеріс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде таралған бейнежазбадан полиция қызметкері көлік салонында ұйықтап жатқанын көруге болады. Бейнежазбаны оның әріптесі түсірген. Ол көлікке отырып, ұйықтап жатқан полицейді ояту үшін "Рота командирі тексеруге келді" дейді.

Видеоға байланысты Астана қаласы Полиция департаменті мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, видео 2017 жылы түсірілген. Кейін, Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне болған жағдайға байланысты өткізілген қызметтік тексерістің нәтижесін айтты.

"Астана қаласы Полиция департаменті полиция қызметкерлеріне жат қылықтары үшін, осы жағдайға қатысты жол-патрульдік полициясының рота командирі жұмыстан босатылды және жол-патрульдік полкінің полиция қызметкері жұмыс уақытында ұйықтағаны үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді баспасөз қызмет өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Департамент полиции провел служебное расследование после появления резонансного ролика со спящим полицейским в служебном авто, сообщает корреспондент Tengrinews.kz. _ Ранее в Instagram появилось видео. На кадрах можно увидеть, как в служебном авто спит полицейский. Судя по видео, съемку производит его коллега. Сев в салон автомашины, он начал будить спящего сотрудика со словами: "Командир роты приехал проверять". В комментариях к видео опубликован официальный ответ Департамента полиции Астаны, в котором сообщается, что запись с участием полицейских была снята в 2017 году. _ Позже в столичном Департаменте полиции сообщили Tengrinews.kz о результатах служебного расследования. _ "Департамент полиции Астаны по факту неуставных взаимоотношений сотрудников полиции сообщает: проведено служебное расследование, по результатам которого командир роты дорожно-патрульной полиции освобожден от занимаемой должности. _ Полицейский полка дорожно-патрульной полиции за сон во время службы привлечен к строгой дисциплинарной ответственности", - сообщили в пресс-службе. _ ????: tengrinews.kz ????????

Публикация от Астана Сергек (@astana_brothers)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай