19 қараша 2021 17:18

Варламовтың сынынан кейін Түркістан қаласы әкімдігінің төбесіне көгершін үркітетін құрылғы орнатылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ресейлік урбанистік блогер Илья Варламовтың сынынан кейін Түркістан қаласы әкімдігінің төбесіне көгершін үркітетін құрылғыны орнату жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейлік урбанистік блогер Илья Варламовтың сынынан кейін Түркістан қаласы әкімдігінің төбесіне көгершін үркітетін құрылғыны орнату жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресейлік блогер Илья Варламов Түркістанға сапарында әкімдік шатырының жағдайына назар аударды. Орынбасарыңыз Жандос Тасов құстарды үркітетін құрылғы орнатуға уәде берді. Тапсырыс бердіңіздер ма, шатырдың жағдайы қалай? Құрылғы қазір әкімдікте ме", - деп сұрады журналист Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Шөкеев бұл оқиға туралы естімегенін, бірақ мұндай жағдай болмайтынын ескертті. 

"Бұл жаңа ғимарат, әңгіме не туралы болып жатыр?" - деді Шөкеев.

Ақпаратты әкімнің орынбасары Сәкен Қалқаманов нақтылады.

"Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Жандос Тасов түсіндірді. Көгершіндерді үркітетін қондырғылар орнатылады. Бұл құрал-жабдықтар келесі жылы жеткізіледі - біз қала әкімдігінің шатырын айтып отырмыз", - деді Қалқаманов.

Бұған дейін Илья Варламов Түркістанда тәртіп сақшыларының үстінен шағым айтып, облыс әкімінің орынбасарымен кездескен болатын. Блогер Instagram желісінде Керуен-Сарай туристік кешені аумағында түсірілген видеоны жариялады. Адамдардың жоқтығы, кешен аумағында түсірілімге тыйым салған жергілікті тәртіп сақшыларының мінез-құлқы оны таңғалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети