21 мамыр 2019 | 11:20

Зеленскийге қазақстандықтардың құттықтауын жеткізді

Сурет ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметінен

Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украина Президентімен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украина Президентімен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2019 жылғы 20 мамырда Сенат Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты.

Реклама
Реклама

"Салтанатты жиыннан кейінгі кездесуде Б.Бекназаров Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен барша Қазақстан халқы атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, Украина халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастарға қарқын беру жөніндегі ауқымды мәселелер талқыланды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная