12 ақпан 2021 10:45

AsiaCredit Bank салымшыларына ақша қалай қайтарылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

AsiaCredit Bank АҚ банктік, өзге операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге арналған лицензиядан айырылды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры AsiaCredit Bank салымшыларына ақша қалай қайтарылатынын түсіндірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


AsiaCredit Bank АҚ банктік, өзге операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге арналған лицензиядан айырылды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры AsiaCredit Bank салымшыларына ақша қалай қайтарылатынын түсіндірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) АҚ жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, яғни жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салымдарында, ағымдағы шоттары мен төлем карточкаларында орналастырылған ақшаларына "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКБҚ, Қор) кепілдігі қолданылады. 

Агенттік банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке бір мезгілде беру операциясын жүргізуден бас тартқан жағдайда, ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу шарасын жүзеге асырады. Қор өтем төлеуді бастау күнін заңнамада бекітілген мерзімде хабарлайды. Төлемдерді жүзеге асыру шарасы ресми хабарлама Қор сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде басталады", - делінген хабарламада. 

ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыны ескере отырып, депозиттегі қалдық сома шегінде төлейді:
• теңгедегі жинақ депозиттер бойынша - 15 миллион теңгеден;
• теңгедегі басқа депозиттер бойынша - 10 миллион теңгеден;
• шетел валютасындағы депозиттер бойынша - валюта баламасында 5 миллион теңгеден аспайды (банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша).

Жеке тұлға немесе дара кәсіпкердің банкте түрі мен валютасы бойынша екі және одан да көп кепілдендірілген депозиттері бар болса, Қор олар бойынша 15 миллион теңгеден аспайтын көлемде кепілдік берілген жиынтық өтем төлейді. Бұл ретте шетел валютасындағы депозиттің 5 миллион теңгеден аспайтын кепілдендірілген қалдығы бойынша шектеу ескеріледі.

Кепілдік берілген шекті сомадан асатын депозиттер бойынша Қор жоғарыда атап көрсетілгеніндей, тек бекітілген соманы ғана өтеді. Ал өтелмей қалған артық ақша бойынша салымшылар банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген соң, банктің тарату комиссиясына өтініш бере алады.

ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу үшін конкурстық негізде агент банкті таңдайды. Салымшының өтініші бойынша оның ақшасы агент банктің кассасынан қолма-қол ақшамен немесе қолданыстағы банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы берілуі мүмкін. Салымшы кепілдік берілген өтемді алу үшін агент банкке барған кезде жеке басын куәландыратын куәлігі болса жеткілікті. Толық нұсқаулық Қор сайтында орналастырылған.

AsiaCredit Bank лицензиясынан айырылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети