19 қыркүйек 2018 10:26

"Астана банкі" лицензиясынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк "Астана Банкі" АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған
лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк "Астана Банкі" АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған
лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 214 қаулысына сәйкес "Астана Банкі" АҚ-ты (бұдан әрі - Банк) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 48-бабы 1-тармағының в), г) және м-1)
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ішінде үш және одан да көп рет), пруденциялық нормативтерді және (немесе) орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ішінде үш және одан да көп рет) бұзғаны, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның үстеме капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамағаны үшін банктік және өзге де операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкке 2015 жылғы 20 сәуірде берген № 1.1.32 лицензиядан 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап айыру туралы шешім қабылданды.

Банктің активтері мен міндеттемелерінің банк секторының активтері менміндеттемелеріндегі үлесінің төмен болуына байланысты (1 пайыз) Банкті лицензиядан айырудың басқа қаржы ұйымдар үшін тәуекелдері болмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 352 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Банктің уақытша әкімшілігі өз қызметін

Банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 19
қыркүйектен бастап тоқтатылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді. Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап Банкті ұстауға жұмсалған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың Банкке талаптары тарату ісінде ғана ұсынылады. Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, соған байланысты депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленетін болады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша уақытша әкімшіліктің басшысы Джемма Мұхамбетқызы Зинуллинаға +7 (727) 259-60-60 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети