23 қыркүйек 2015 11:21

Әнші Луина Rising Star Turkey байқауының гранд-финалына өте алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал әнші Луина TV8 арнасындағы рейтингі ең жоғары саналатын Rising Star Turkey байқауының гранд-финалына өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал әнші Луина TV8 арнасындағы рейтингі ең жоғары саналатын Rising Star Turkey байқауының гранд-финалына өте алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезекті кезеңде қатысушылар бірінші кастингтегі әнін орындауы тиіс болды. Осылайша Луина поп-әнші Beyonce-нің Halo әнін орындады. Қазылар алқасы өзге қатысушыға дауыс берді.

Еске салайық, орындаушы бастапқы төрт кезеңде сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық орындаушыға көрермендер мен бүкіл зал қолдау көрсетті, олар тікелей эфирде дауыс берген болатын, сондай-ақ әділ қазылар алқасының төрт мүшесі де оған дауыстарын берді. "Мұндай үлкен шараға қатысу жауапкершілікті талап етеді және бұл мен үшін бақыт. Аздап қобалжып тұрғаным рас, дегенмен миллиондаған телекөрерменнің алдында тұрып ән айту үлкен тәжірибе", - деді Луина.

Айта кетейік, Rising Star - жаңа форматта өткізілетін интерактив шоуы. Әнші сахнаға шыққан кезде алдында қабырға тұрады, ол қазылар алқасын көре алмайды. Қатысушы 70 пайыздан жоғары дауыс жинағанда ғана қабырға көтеріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети