28 шілде 2020 11:00

Jah Khalib пен Shakira, Андро мен Emin, HammAli & Navai - бұл әртістердің музыкасын не байланыстырды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Музыка - сенің тұмарың!" - осындай ұранмен Қазақстанның 18 ірі қаласына VOSTOK FM радиосы хабар тарата бастады.


"Музыка - сенің тұмарың!" - осындай ұранмен Қазақстанның 18 ірі қаласына VOSTOK FM радиосы хабар тарата бастады.

"VOSTOK FM - Alash Media Group холдингінің кезекті ұлттық жобасы. Қазіргі уақытта жақсылыққа сену, жарқын болашаққа деген үмітті жоғалтпаудың маңызы арта түсті. Әдемі музыка жанға дәру, сондықтан VOSTOK FM радиосының өмірге құштарлықты арттыратын жарқын форматы бүгінгі күрделі кезеңде адамдарға моральдық және рухани демеу боларына сенеміміз мол", - дейді холдингтің бас директоры Батыр Қазыбаев.

Холдинг басшысы жаңа радиостанцияның тыңдарман жүрегін жылдам жаулайтынына сенімді,  өйткені ол бізлің мәдениетіміз бен менталитетімізге жақын.


Батыр Қазыбаев

VOSTOK FM радиосының бағдарлама директоры болып радиожүргізуші, ди-джей және  продюсер Алёна Лобастова тағайындалды.

"Біздің командамыз "әлеуметтік коды"  бар адамдардан тұратынын ерекше атап өткім келеді. Яғни, нақты көзқарасы бар, ойлауға қабілетті, өзі мен өзгелерге қамқор бола алатын,  ең бастысы, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жасай алатын адамдар, - дейді Алёна.  - Қазақстанда мұндай радио неліктен ертерек пайда болмағанына таңым бар. Өйткені, мұндай жанымызға жақын, жылы, шуақты формат, сөзсіз, елімізде болуы тиіс форматтардың бірі. Біз өзгеше жерде өмір сүріп жатырмыз.  Біздің адамдарға Орта Азия мен Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс аймақ пен Океания елдерінің мәдениеті тең дәрежеде қызық, әрі түсінікті. Шығыстың бауырмалдық, туыстық қатынастарды дәріптеу, үлкенге құрмет, балаға деген махаббат, қонақты сыйлау секілді тамыры тереңде жатқан дәстүрлері бәрімізге жақын", - дейді Лобастова.


Алёна Лобастова

Қазақстандағы ең танымал қазақтілді музыкалық-сауықтық радиостанция - Жұлдыз FM-нің бас редакторы Анар Мыңбаева да жаңа радиостанцияға қатысты пікірін білдірді:

"Жаңа радиостанцияның негізін қалаушылар бүгінгі таңда қазақстандықтардың неге зәру екенін дәл таба алған. Ол - қарым-қатынастағы шынайылық, адал ниет, бір-бірімізге риясыз көмек қолын созу. VOSTOK FM-нің музыкалық форматы тыңдарманды дәл осындай сезімге бөлейді. Адамдар жылулық пен жайлылық, мейірімділік, махаббат пен мәрттікке мұқтаж дәл қазіргі кезде оның маңызы да аса зор".


Анар Мыңбаева

Расында да, Шығыс деген сөзді естіген сәтте ойыңызға не оралады? Ең алдымен, даналық пен тыныштық, еңбекқорлық пен молшылық, әсем ою-өрнектер мен хош иіс. Көз алдымызға жарық, шуақ шашқан, адамдары жайдары, ақжүрек, музыкасы жазық дала мен таулар, күн мен жел, Ай мен жұлдыздар үні сияқты табиғат әуенімен үндесіп жатқан әлем елестейді.

Шығыс философиясына тән дәстүрлерге қарамастан,  VOSTOK FM радиосының музыкалық форматы тек аутентикалық шығыс әуендерін ғана емес, соңғы 15 жылдағы танымал, заманауи хиттер, өз елдеріндегі музыкалық чарттардың үздік орнына шыққан әндерді де қамтиды. Плейлист, негізінен, қабылдауға жеңіл, әуезді,  әдемі,  поп және дэнс стиліндегі композициялардан тұрады. Сондай-ақ, алдағы уақытта 

VOSTOK FM-де заманауи электрондық және би музыкасына арналған арнайы жобалар пайда болады.

Музыкалық репертуар тек Шығыс елдерін қамтымайды, эфирде қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, әзербайжан, армян, грек,  иврит, грузин, ағылшын, түрік, араб, хинди, испан, француз және басқа да тілдердегі әндер шырқалады.

Радиостанцияның "Музыка - сенің тұмарың!" деген ұраны сан алуан мәдениеттер және тілдерге ортақ мән мен құндылықтарды айшықтайды.

VOSTOK FM – республикалық радиостанция, Қазақстанның 18 қаласында тыңдауға болады.

Қалаңыздағы қажетті жиілікті тауып алыңыздар,  музыка сіздерге қорған болып, мейірімділік, қуаныш пен бақыт сыйласын!

VOSTOK FM-нің сіздің қалаңыздағы жиілігі: 

Нұр-Сұлтан – 104,5
Алматы – 107,5
Көкшетау – 107,6
Ақтөбе – 102,7
Талдықорған – 106,7
Атырау – 105,7
Орал – 105,8
Тараз – 107,8
Қараганды – 100,5
Жезқазған – 100,3
Қостанай – 102,5
Қызылорда – 100,4
Ақтау – 101,4
Шымкент – 104,7
Павлодар – 101,8
Петропавл – 102,6
Өскемен – 103,5
Семей – 101,4.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети