02 ақпан 2018 17:02

Қуат "Найман" Хамитов GGG, жарақаттары және жеке өмірі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аралас жекпе-жектен белгілі файтер Қуат "Найман" Хамитов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуат Хамитов барлық сұраққа ашық жауап берді. "Найман" жеке өмірі, жарақаттары жайлы, ел болашағы мен айына 100 мың доллар табыс таба отырып, Қазақстанға пайдасын тигізбей жүрген спортшылар жайлы әңгімеледі.

Сондай-ақ, Хамитов 2018 жылға жоспарланған жекпе-жектерге тоқталып, Геннадий Головкин мен Төреғали Төреәліге қатысты ойын айтты.

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагим, музыкалық продюсер Жан Мұқанов, түріктің белгілі әншісі әрі актер Юсуф Чим, эстрада әншісі Тамара Асар, композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді. 

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети