09 наурыз 2019 13:57

Ақша айырбастау пункттерінде бір доллар 380 теңгеге сатылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 наурызда Қазақстанның ірі қалаларының айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


9 наурызда Қазақстанның ірі қалаларының айырбастау пункттеріндегі доллар бағамы өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Kurs.kz мәліметінше, Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Теміртау айырбастау пунктерінде америкалық валютаны 379-381 теңгеге сатылып жатыр. Ең төменгі көрсеткіш - 378,1 теңге, ең жоғарғы көрсеткіш - 383 теңге (Ақтөбеде).

Өткен аптада "жасыл қағаздың" бағасы KASE қор биржасының саудасында ұлттық валюта бағамы 375,90 теңге болды. Осы аптаның қорытындысы бойынша бір доллар құны - 379,42 теңге болды, осылайша тарихи ең төменгі көрсеткішіне жақындады.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, теңгенің теріс динамикасы қысқа мерзімді өтімділік профицитінің өсуі сияқты ішкі факторлардың әсерімен, сондай-ақ шетелдік валютаға деген тұрақты сұраныспен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, доллар жаһандық валюта нарығында біртіндеп нығайып жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети