04 қараша 2015 13:25

Доллар бағамы тарихи рекордтан асып түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы тарихи рекорд 285,77 теңгеден асып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 13.00-де доллар бағамы 285,79 теңге болды. Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 15.30-да жабылады.


KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы тарихи рекорд 285,77 теңгеден асып түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сағат 13.00-де доллар бағамы 285,79 теңге болды. Айта кетейік, күндізгі сессия сағат 15.30-да жабылады.

Күндізгі сессия кезінде алғашқы келісім 285,5 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға 286,25 теңгеден асты. Сауда көлемі - 30,2 миллион доллар. Саудаға валюта нарығының 19 мүшесі қатысты.

Айта кетейік, KASE таңғы сессияда шетел валютасы 284,28 теңгеге жеткен еді. Ақша айырбастау орындары долларды 283-287 теңге аралығында сата бастады. Бұған дейін 9 қарашадағы кешкі сессия кезінде доллар 283,23 теңге болды.

Доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов отставкаға кеткеннен бері жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, 2 қарашада ҚР Ұлттық банктің төрағасы ауысты. Қайрат Келімбетовтің орнына Данияр Ақышев келді. Сарапшылар Келімбетовтің өзіне жүктелген міндетті толықтай орындап шыққананын айтты.

Доллар бағамы тарихи рекордқа жеткенде ҚР Ұлттық банкі доллар бағамын төмендетуге қатысты шараларды қолға алды. Интервенциялар жүргізілді. Кейін Қазақстанның валюта нарығында 2015 жылдың 31 қазанына дейін кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарланғаны анықталды. Бағам ұзақ уақыт бойы 270-280 теңге деңгейінде сақталды. Айта кетейік, Ұлттық банктің өкілдері бұған дейін интервенциялар туралы сауда күнінің соңында хабарлап отыруды уәде етті. Алайда дүйсенбіден бері бағам шарықтап келе жатса да интервенциялар туралы сөз болған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети