Тоқаев қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза Айт мерекесімен құттықтады Фото: nurmedia.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


"Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы - күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке. 

Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.   

Қазақстан - бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар - халқымызға тән игі қасиеттер. Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!  Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Ораза айт құтты болсын!", - деп жазылған хабарламада. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +21
Ақтау +24
Ақтөбе +23
Атырау +21
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +20
П
Павлодар +21
Петропавл +22
С
Семей +19
Т
Талдықорған +22
Тараз +25
Түркістан +22
О
Орал +19
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер