30 қазан 2022 11:21

СІМ өкілі Сеулде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоғын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Getty Images Getty Images

Сыртқы істер министрлігі өкілі Сеулдегі жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыртқы істер министрлігі өкілі Сеулдегі жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сеулде болған қайғылы оқиға туралы кейінгі мәліметтер бойынша, 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шеккен. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ", - деді СІМ өкілі.

ҚР Корея Республикасындағы елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылған. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылған.

Консулдық бөлім жанындағы жедел штаб нөмірлері:
Жұмыс телефоны: +82 2 379 9714, +82 2 394-9716.
Ұялы телефон: +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771.
Электрон пошта: seoul@mfa.kz.
Мекен жайы: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 140-809 서울시 용산구 장문로 53, 140-809.

Еске салайық, Сеулде Хэллоуинді тойлау барысында 50 адамның жүрегі тоқтап қалғаны болатын. Кейінірек қаза тапқандар саны артқаны белгілі болды.

ТЖМ қызметкерлерінің айтуынша, қаза тапқандарды анықтау біраз уақыт алады. Қаза болғандардың көпшілігі 20 жаста болған. Шенеуніктер жексенбіде сағат 10.30-дағы жағдай бойынша, қаза тапқандар арасында 19 шетелдік болғанын растаған. Қайтыс болған шетелдік азаматтар арасында Иран, Өзбекстан, Қытай және Норвегиядан келгендер болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети