23 шілде 2018 09:26

14 миллион теңге қолма-қол ақша сақтауға болатын сейфтер

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың үйінде 14 миллион 142 мың теңгеге дейін қолма-қол ақша сақтай алатыны жайлы хабарлаған еді. Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы сейф сатушыларынан бірнеше миллиондаған ақшаны сақтайтын сейф қанша тұратынын және оны кімдер сатып алатыны туралы сұрап көрді.


Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың үйінде 14 миллион 142 мың теңгеге дейін қолма-қол ақша сақтай алатыны жайлы хабарлаған еді. Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы сейф сатушыларынан бірнеше миллиондаған ақшаны сақтайтын сейф қанша тұратынын және оны кімдер сатып алатыны туралы сұрап көрді.

Алматыдағы дүкендердің бірінде айтылғандай, ұзындығы жарты метр, бұзуға келмейтін сейф ішіне 14 миллион 142 мың теңге сыяды. Бағасы 200 мың теңгеден басталып, жоғарылай береді екен. 

"Арзанырақтары да бар. Отқа төзімді сейф 60-70 мың, ал бұзуы қиындары 80 мың теңге тұрады. Кез келгеніне ақша үлкен купюрада болса, бұл сома сыяды. 14 миллион дегеніміз - 14 бума 10 мыңдық және 7 бума 20 мыңдық купюра. Бос орын да қалып қояды", - деді сейф сататын дүкеннің қызметкері Любовь. 

Оның айтуынша, ең өтімді сейфті адамдар құжат сақтау үшін алады. 

"Сатып алса да, олар "маған көп ақша сақтау үшін үлкенірек сейф беріңізші" деп сұрамайды. Тұтынушылар көбіне нөлдік қатарлы (класс) сейфті сатып алады деп айта аламын, сонымен қатар 1, 2, 3 қатарлы. Бұдан бұзуға төтеп бере алатын 5 қатарлы сейфтер нарықта сатылмайды", - деді маман.

Сейф сатушысының түсіндіруінше, сейф қауіпсіздігі оның қалыңдығына байланысты екен. Қабырғасы қалың болған сайын, қатары жоғарылайды, тиісінше, бағасы да қымбаттайды. 

"Әлемде, бұзуға төтеп бере алатын сейфтердің 12 класы бар. Біздің нарықта 5 класс сейфінің өзін тек тапсырыс беріп алуға болады. Бірақ, бесінші класс сейфін әлі банктер де бізден алмаған. Өлшемі бойынша ең кішкентай бесінші класс сейфінің ұзындығы - 67 сантиметр, ал ең ұзыны - 1 метр 60 сантиметр. Қазір ұзындығы 1 метр 66 сантиметр, ені 680 миллимет және тереңдігі 510 миллиметр сейф бар. Ол 1 миллион 800 мың теңге тұрады. Осы өлшемге сәйкес, бірақ ені 850 миллиметр бесінші класс сейфі 2 миллион 116 мың теңге тұрады. Бұл сейфтер бұзудан жақсы қорғайды, бірақ олар отқа төзімді емес. Бірақ, логикалық тұрғыдан қарағанда мұндай сейфті сатып алуға жағдайы жеткен адам үйіне өрт сөндіру жүйесін қояды", - деп әңгімелеп берді сату бөлімінің қызметкері Екатерина Земченко.

Ал бұзудан да, оттан да сақтайтын сейф 1 миллион 161 мың теңге тұрады. Бірақ олар 3 классқа дейін ғана қолжетімді. Дүкендерде қарапайым кілтпен ашылатын және электронды сейфті ұсынады. 

"Әр құлыпқа үш кілттен келеді, яғни, бір есік үш кілтпен жабылады. Электроника бұзылып қалады деп ойласаңыз, кілтпен алған абзал. Ал кілтті жоғалтып алған жағдайда, құлып ашатын адамды шақырыңыз", - деп түсіндірді дүкен қызметкері. 

Алматыдағы дүкендердің сатушылары сейфті көбінесе банк, ломбард, мемлекеттік ұйымдар және жеке тұлғалар сатып алатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети