19 тамыз 2016 14:35

Баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sevas.com © sevas.com

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын еліміздегі мектеп оқушыларының ата-аналары балаларын мектепке дайындай бастады. Шілде айынан бастап мектеп оқушыларына арнайы жәрмеңкелер де ұйымдастырылып жатыр. Кеңсе заттарын алуда аса қиындықтар тумаса да, оқушылардың мектеп формасы жыл сайын түрленіп, өзгеріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі базардағы және дүкендердегі бағаларды салыстырып, баланы мектепке дайындауға кететін шығынның орташа есебін шығарды.


Жаңа оқу жылы жақындаған сайын еліміздегі мектеп оқушыларының ата-аналары балаларын мектепке дайындай бастады. Шілде айынан бастап мектеп оқушыларына арнайы жәрмеңкелер де ұйымдастырылып жатыр. Кеңсе заттарын алуда аса қиындықтар тумаса да, оқушылардың мектеп формасы жыл сайын түрленіп, өзгеріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі базардағы және дүкендердегі бағаларды салыстырып, баланы мектепке дайындауға кететін шығынның орташа есебін шығарды.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған мектеп формаларының бағасы базарда 10 мың теңгеден басталады екен. Яғни, 10 000 теңгеге қыздарға белдемше, желетке, пенжек пен шалбар, ал ұлдарға жилет, пенжек және шалбар алуға болады. Бұл баға жейделерді санамағанда, осындай болып тұр. Ақ жейделердің бағасы 2 500 теңгеден басталады. Айта кетейік, барлық киімнің бағасы өндіріліп отырған елге байланысты, әрине, базарда саудаласуға болады. Ал ең арзан тауарлар Қытай мен Бішкектен әкелінсе, Түркияның тауарларының бағасы шамамен бес мың теңгеден басталады. Сонымен қатар, онда өзіміздің отандық өнімді де сатып алуға болады. Егер мектеп формасын бөлек-бөлек алатын болсақ, белдемшелердің бағасы 2,5-3 мың, шалбарлардың бағасы - 4,5-5 мың, пенжектердің бағасы - 5 мың, қыздарға арналған сарафан шамамен 4 мың теңге екен. Спорттық киімді айтатын болсақ, базарда спорттық форманың бағасы 5 500 теңгеден басталады. Ал аяқ-киімдер - 3-3,5 мың теңгеден басталады. Әрине, жоғары сынып оқушыларына бұл тауарларды сатып алу бірнеше мың теңгеге қымбаттау түседі.


© Tengrinews.kz

Ал ресми дүкендерден мектеп формасын сатып алу расында да қымбатқа соғады. Бірақ киімнің сапасы бағасына сәйкес болады ғой. Мысалы, отандық ресми дүкендердің бірінің сайтында белгіленген бағаларға қарасақ, пенжектердің бағасы бастауыш сынып оқушыларына 8 690 теңгеден басталады. Көкірекшелер - 3 390 теңгеден бастап, белдемшелер - 3 890 теңгеден бастап сатылып жатыр. 7-11 жас аралығындағы қыздардың мектеп формасының бағасы 15 970 теңгеден басталады екен. Оған тағы жейде керек. Жейденің бағасы 2 990 теңгеден басталады. Ал ұл балаларға арналған мектеп формасы (пенжек, шалбар, жилет) 12 100 теңгеден басталады екен. Ұлдардың жейдесін қоссақ, оларға арналған жейделердің бағасы 3 190 теңгеден сатылып жатыр.

Мектеп оқушыларына арналған рюкзактың бағалары айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетті. Мысалы, қытайлықтар жасап шығарған рюкзактердің бағасы екі мың теңгеден басталады екен. Дүкендерде 49 мың теңгеге де рюкзак алуға болады. Ол сөмкелердің ерекшелігі неде десеңіз, рюкзактың ортопедиялық арқасы бар, сонымен қатар, онда термоқорғау, қосымша аяқ-киім салатын қалтасы мен арнайы қаламсауыттары (пеналдары) бар.

Айта кетейік, арнайы кеңсе тауарлары дүкендеріндегі және базардағы кеңсе тауарларының бағасында қатты айырмашылық байқалды. 25 жұқа дәптердің бағасы - 350 теңге, қалың дәптерлер - 190 теңгеден бастап, 12 түсті қарындаш - 850 теңге, күнделік - 250 теңге, бояу - 250 теңгеден бастап, ермексаз (пластилин) - 265 теңге, сурет салуға арналған альбом - 95 теңгеден бастап, түрлі-түсті қағаздар бумасы - 310 теңге, матадан жасалған қаламсауыттар - 350 теңгеден бастап, кітаптарға арналған мұқаба - 290 теңгеден басталады. Осыған қарағанда, балаға кеңсе тауарларын алып беру үшін кем дегенде бес мың теңге керек екен.

Қорытындылай келе, мектеп оқушысын жаңа оқу жылына дайын үшін оқулықтарды сатып алуды есептемегенде, шамамен 25 мың теңгеден аса қаражат керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети