08 сәуір 2022 12:33

Сүйеніш Әбділдин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сүйеніш Әбділдин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сүйеніш Әбділдин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды. Ол - бұған дейін бірінші орынбасар қызметін атқарған Сүйеніш Әбділдин", - делінген корпорация хабарламасында.

Сүйеніш Төлеуханұлы Әбділдин 2011 жылы ҚБТУ-ды "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша, 2014 жылы Ұлыбританияның Бирмингем университетін бітірген. Информатика мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2011 жылдың қазанында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жетекші маманы болып бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети