26 шілде 2018 12:25

Марста сұйық суы бар көл табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©pexels.com ©pexels.com

Марста полярлық мұз астында сұйық су табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Марста полярлық мұз астында сұйық су табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдар мұз астында табылған сұйық суды Marsis радарының көмегімен анықтаған. Айта кетейік, Marsis радары "Марс-Экспресс" ғаламшар аралық Еуропалық ғарыш агенттігінде орналасқан. Бұл туралы Science журналында жарияланған мақалада айтылады.

"Бұрындары ғалымдар Mars Reconnaissance Orbiter-мен түсірілген Марстың суреттерін зерттей отырып, ғаламшардан ені жарты мертрден бес метрге дейінгі қара жолақтарды анықтаған. Ғалымдар ол қара жолақтарды су ағысынан пайда болған деп пайымдаған. Кейін Curiosity атты марста жүретін құрылғы ғаламшар бетінен көне тартылып қалған көлді анықтаған", - деп жазады РИА Новости.

Сондай-ақ, мақалада ғалымдардың зерттеулері Италияның ғарыш агенттігі мен NASA көмегімен жүргізілгендігі айтылады. Нәтижесінде Қызыл планетаның оңтүстік полюсінде орналасқан ені 20 шақырым шамасында болатын мұз астындағы көл табылған.

Басылымның мәліметінше, ғалымдар Marsis радары арқылы зерттеулерді 2012 жылдың мамыры мен 2015 жылдың желтоқсанына дейін жүргізіп келген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети