"Өліп қалды деп жатыр екен". Әнші Саят Медеуов операциядан кейінгі жағдайын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Саят Медеуов. Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888 Саят Медеуов. Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888

Әнші Саят Медеуов жеке палатаға шыққаннан кейінгі жағдайын айтып, халін сұраған көпшілікке алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол өзін "өліп қалды" деп хабар таратқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Саят Медеуов жеке палатаға шыққаннан кейінгі жағдайын айтып, халін сұраған көпшілікке алғыс білдірді. Сондай-ақ, ол өзін "өліп қалды" деп хабар таратқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құдайға тәубә, бетім бері қарады. Ең бастысы, ешкімнің басында мұндай жағдай болмасын деп тілеймін. Менің басымда болғанына, Құдайға шүкір. Осының бәрі менімен кетсін. Шыны керек, өткенде қатты ауырғанда, осы жолы да Құдайдан бір нәрсені тіледім, ата-анамның дүниеден осыны көрмей кеткендеріне шүкір деп… Енді сіздердің амандықтарыңызды тілеймін. Бір жағы қуансам, бір жағы мұңайдым. Өзгенің емес, менің басымда болғанына…" - дейді Саят Медеуов.

Әнші жол апатынан кейін тілеуін тілеген халыққа алғысын айтты.

"Мен қиналсам да ел қиналмасын. Халықтың арасында жүрген адамдармыз, халықтың тілеуінің арқасында аманбыз", - деді әнші.

Сондай-ақ, Саят Медеуов өзін "өліп қалды" деп хабар таратқандарға да жауап бере кетті.

"Өліп қалды" деп сайттарға салып жатыр екен, Құдай сақтасын, аман болайық. Болды, енді, "естіген құлақта жазық жоқ" деген қазақтың сөзі бар, ешкімге өкпелеуге хақым жоқ. Ешкім жаман ниетпен жазбаған шығар, әйтеуір, өліп бара жатсам да пайдам тиіп кетсе болды, аман болайық!" - деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін Саят Медеуов жол апатына ұшырап, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған болатын. Артынша әншіге операция жасалды. Бұл туралы Медеуовтің әйелі Гүлбаршын Байжігітова хабарлаған еді. 

Кейін әлеуметтік желіде әнші Саят Медеуов "жол апатынан қаза тапты" деген ақпарат тарады. Әншінің әйелі Гүлбаршын Байжігітова бұл жалған ақпарат екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer