12 қараша 2019 13:39

Шенеунік, актер, режиссер. Танымал жайдарманшылар қазір немен айналысып жүр?

Қазір әзіл саласында жүрген адамдардың көбі КВН-нен, яғни Жайдарманнан шыққан. Олардың кейбірі өнер жолын жалғаса, ендігі бірі басқа саланы таңдаған. Жайдарман түлектерінің ішінен режиссер, актер тіпті мемлекеттік қызметкерді де кездестіруге болады. Tengrinews.kz тілшісі қазақ КВН-і түлектерінің қазір немен айналысып жүргенін анықтады.


Қазір әзіл саласында жүрген адамдардың көбі КВН-нен, яғни Жайдарманнан шыққан. Олардың кейбірі өнер жолын жалғаса, ендігі бірі басқа саланы таңдаған. Жайдарман түлектерінің ішінен режиссер, актер тіпті мемлекеттік қызметкерді де кездестіруге болады. Tengrinews.kz тілшісі қазақ КВН-і түлектерінің қазір немен айналысып жүргенін анықтады.

Ерлан Айтбаев

"Жайдарман" сахнасында "Ералаш" лақапатымен танылған актер "Көз тимесін" құрамасында өнер көрсеткен. "Нысана" әзіл-ысқақ театрында да еңбек еткен. Бүгінде ол - мемлекеттік қызметкер. Айтбаев Nur Otan партиясының Шымкент қаласындағы филиалында қызмет етеді.


© instagram.com/aitbaev1986

Мемлекеттік қызметті таңдауы себебін әзілкеш Instagram желісіндегі парақшасында былай деп түсіндірген:

"...Елімді дамыған елу мемлекеттің қатарына қосқысы келетін партиямен бірге жүріп, атсалысқым келді. Өйткені, мен балаларымның бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ал бақыт дегенің, менің түсінігімде, ол отбасымның тыныштығы, Отанымның гүлденгені, өркениетті елдермен иық тіресе жүргені. "Нұр Отан" осы бағытты ұстанып келеді.

Менің қалауым партияның мүддесімен астарласып жатыр. Сол себепті де мен "Нұр Отанда" қызмет етемін", - дейді жазбасында Айтбаев.

Шапағат Орынбаев

Шапағат Орынбаев - "Көз тимесін" командасының мүшесі. Бүгінде ол - режиссер. Шапағаттың сөзінше, ол 2009 жылдан бері кино саласында екен. Осы уақытқа дейін 13 толықметраж фильм түсірген. Кинодағы режиссерлік дебюті - "25 теңге" фильмі. Бұл фильмде басты рөлде жайдарманшылар ойнаған. Одан бөлек Шапағат актерлік қырын да үнемі шыңдап отырады екен.


© instagram.com/shapagat_orynbaev

"Кино саласында жүргеніме 10 жылдай болды. Өнердемін, алдағы уақытта да осы салада боламын. Жалпы режиссураны Шымкент қаласында оқыдым, одан кейін Болгарияда жалғастырдым", - дейді Шапағат.

Айбек Байназаров

Айбек Байназаров та "Көз тимесін" командасының мүшесі. Бүгінде АҮВА лақапатымен белгілі әнші. Бір кездері оны сырт келбетіне қарап "қазақтың Майкл Джексоны" деп атап кеткен. Бүгінде ол өнер әлемінен алыс кетпеген. Өнер жолында жүрген Айбек бүгінде көптеген ән жазып, бейнеклип түсіріп үлгерген.


© instagram.com/aybekbainazarov

Марат Достаев

Достаев та Қазақстан КВН одағының тұңғыш чемпионы "Көз тимесін" командасының мүшесі болған. Марат - ұмыт бола қоймаған ардагер жайдарманшы. Себебі ол өнер әлемінде жүрген танымал тұлғалардың бірі. Ол комедиялық фильмдерде бой көрсетіп жүрген актер. Достаев Жайдарманда жас командаларға қазылық етіп жүрді. 


© instagram.com/marat_dostayev

Дәнекер Оразбай

Дәнекер Оразбай - "Өзіміздің жігіттер" КВН командасының мүшесі болған. Бір кездері "Нысана" әзіл-ысқақ театрында өнер көрсеткен актер бүгінде отандық комедиялық сериалдарға жиі түсіп жүр. Көрерменнің көбі Дәнекер "Техас" командасында ойнаған деп ойлайды. Себебі кейіннен ол Нысана театрында сол командадағы жігіттермен бірге өнер көрсеткен. Актер - екі ұл, екі қыздың әкесі.


© Сурет ашық интернет көздерінен

Тұрсынбек Қабатов

2006 жылғы чемпион "Аграрка сарбаздары" командасының капитаны. Команда астананың атынан шыққан. Сондай-ақ актер Нұрлан Қоянбаев, Құмар Лұқманов, Ярослав Мелехин, Нұрдәулет Шертім, Санат Шапашовтармен бірге ресейлік КВН ойындарында да өнер көрсеткені белгілі. 

Бүгінде Қабатовты телевизия саласында жиі көруге болады. Ол "ӘзілMan", "Көңілді тапқырлар алаңы" секілді шоулардың авторы. Сонымен қатар, ол елімізге танымал "Әзіл әлемі" театрының директоры. 


© instagram.com/kabatov_tursinbek_resmi

Нұрбол Айтулов

Отандық комедиялық сериалдарда бой көрсетіп жүрген актер - "Техас" құрама командасының мүшесі. Актер 2007 жылы құрылған "Нысана" әзіл-ысқақ театрының мүшесі болған. 


© instagram.com/nurbol_aitulov

Парасат Ибраев

Ерекше биімен көрерменді тәнті еткен - "Құлсары" командасының капитаны. Бүгінде ол фильммейкер әрі клипмейкер. Ибраевтың Instagram желісіндегі парақшасына қарап оның қанжығасында бірнеше өнер жұлдызының бейнеклипі барын аңғаруға болады.

Ибраев бүгінде әнші Ерке Есмаханның 100 миллионнан аса қаралым жинаған "Қайда?" атты әніне түсірілген бейнеклипке режиссерлік еткен. Сонымен қатар, ол бірқатар қазақстандық әншімен жұмыс істейді.


© instagram.com/parasat.ibraev

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети