Pantone зерттеу орталығы алдағы жылдың басты түсін анықтады. Жыл түсі ретінде Ultra Violet таңдалды.
Компания өкілдері 18-3838 реңкі сонылықты білдіреді және шығармашылыққа шабыттандыратынын айтады. "Өткір, ойдың толықтығын білдіретін 18-3838 Ultra Violet ерекшелік, өнертапққыштық пен болашақты көздейтін сындарлы ойды байланыстырады", - дейді компанияның баспасөз қызметінің өкілдері.
Pantone 2000 жылдан бері алдағы он екі айдың басты түстерін анықтаумен айналысып келеді. Жасыл-сары Greenery түсі өткен жылдың таңдауы болған.