18 шілде 2021 09:52

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов америкалық брендке жарнама түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/aisultan Фото: instagram.com/aisultan

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов америкалық PacSun киім бренді мен рэп орындаушы A$AP Rocky-дің коллаборациясына жарнама түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов америкалық PacSun киім бренді мен рэп орындаушы A$AP Rocky-дің коллаборациясына жарнама түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сейітов Instagram-дағы парақшасында рэп орындаушы A$AP Rocky-мен жұмыс істеген жарнамалық ролигінің үзіндісін жариялады. Ол PacSun америкалық жасөспірімдер киім брендінің жаңа топтамасының қонақ ретінде шақырылған көркемдік жетекшісі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aisultan (@aisultan)

Қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов танымал отандық және шетелдік жұлдыздарға арналған жарнамалық роликтермен және бейнебаяндармен ғана емес, сонымен қатар "Каш" атты толықметраж фильмімен танымал.

Оның клиптері бірнеше рет марапаттарға да ұсынылған, атап айтқанда MTV Video Music Awards және Berlin Music Video Awards.

Бұл қазақстандық режиссердің киім брендтерімен түсірген алғашқы жұмысы емес. Ол бұған дейін Nike жарнамасын түсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети