Кениялық жігіт Обаманың қызы үшін 50 сиыр мен 70 қой қалың мал ұсынды, - деп хабарлайды "24.kz".
Кениялық жігіт Обаманың қызы үшін 50 сиыр мен 70 қой қалың мал ұсынды, - деп хабарлайды "24.kz".
"АҚШ президентінің үлкен қызы Малия үшін берілетін қалың малдың құны анықталды. Оған ғашық болып қалған кениялық заңгер Обамалар отбасы келіскен жағдайда, қыз үшін 50 сиыр, 70 қой мен 30 ешкісін беруге дайын екендігін айтты", - деп жазады epochtimes.ru.
Феликс Кипроно Малияны 2008 жылдан бері көздеп келеді екен. Ол тіпті "Ақ үй ханшайымын" өзге ешкімге ауыстырмау жөнінен өзіне ант беріп қойған. Жігіт Малияға үйлену туралы ұсынысты Барак Обаманың Кенияға шілде айындағы сапары барысында жасамақшы. Ол қазір президенттің өзімен бірге қызын ала келуі туралы хат жазып жатыр.