30 қаңтар 2015 13:56

Маңғыстауда сәбилерге түрік сериалдары кейіпкерлерінің есімі жиі қойылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Маңғыстау облысында сәбилерге түрік сериалдары кейіпкерлерінің атын қою сәнге айналды, - деп хабарлайды Tumba.kz.


Маңғыстау облысында сәбилерге түрік сериалдары кейіпкерлерінің атын қою сәнге айналды, - деп хабарлайды Tumba.kz.

Ақтау қалалық әділет басқармасының талдауына қарағанда, 2014 жылы ер балаларға Сүлейман, Мансұр, Мұстафа, Ибрахим, Элиф, Абдул Азиз есімдері көп қойылған. Қыз балаларға Валида, Ясмин, Айлин есімдері жиі беріліпті. 

Жаңа туған нәрестелерге сол сияқты мұсылман дініне қатысты есімдер де көп қойылған. Айталық, ер балалар Мұхаммед, Мұхаммед Ханафия, Нұрислам, Иман есімдерін жиі иеленсе, қыз балаларға Аяна, Айша, Мәдина, Раяна, Мунира, Әмина, Мәлика есімдері қойылған. 

"Қосарлы есімдерді қою да сәнге айналды. Мысалы, егер бұрын Қасымжомарт есімі бірге жазылатын болса, енді ата-аналар оны бөліп жазуды сұрайды. Сондай-ақ Әбіл Мансұр есімі танымал болып тұр", - дейді Ақтау қалалық әділет басқармасының басшысы Айша Елемесова. 

Әділет басқармасы мамандарының мәліметінше, ұлдарға Кәусар, Берекет, Бейбарыс, Дамир есімдері де жиі қойылады. Славян есімдері арасында ұлдардың Данила, Даниэль, Арсений, Андрей, қыз балалардың Анастасия, Анна, София, Даниэла, Снежана, Ангелина есімдері кең тараған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2014 жылы сәбилерге көп қойылған есімдерді жария еткен болатын. Өткен жылы Әлихан мен Айзере ең танымал есімдер атанды. Әлихан есімі 2798 ұлға, Айзере есімі 6276 қыз балаға қойылған. Айзере соңғы екі жыл ішінде ең танымал есім атанып отыр. Ал Әлихан алдыңғы жылдары көшбасшы болған Ерасыл есімін ығыстырды. 

Статистика комитеті өзінің ресми сайтында азаматтардың жеке бас мәліметтеріне қатысты қызықты деректер алуды да ұсынады. "Бұл қызықты" деген бөлімнің "Мен сияқты неше адам бар?" тарауындағы тиісті жолақтарды толтырған кезде Қазақстанда өзіңізбен аттас қанша адамның бар екенін білуге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети