26 тамыз 2021 23:39

Жамбыл облысында тағы екі жарылыс болды: оқиғаның видеосы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада тағы екі жарылыс болғаны түсірілген кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада тағы екі жарылыс болғаны түсірілген кадрлар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлер қараңғы батқанда тағы екі жарылыс болғанын видеоға түсіріп алған. Жарылыс кадрларын видеоның 6.18 және 10.07 минутынан көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Instagram-да куәгерлер оқиға орнынан түсірілген түрлі видеолар жариялап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от В Таразе всегда солнечно (@vtvs_taraz)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Taraz city (@resmi_taraz)

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 60-қа жеткен. Бұған дейін 32 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Төтенше жағдайдан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети