27 тамыз 2021 09:26

Жарылыс болған қоймалардың әуеден түсірілген суреті жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 тамызда кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде бірнеше жарылыс болды. Жарылыстан кейінгі әуеден түсірілген суреттер жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


26 тамызда кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінде бірнеше жарылыс болды. Жарылыстан кейінгі әуеден түсірілген суреттер жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысындағы жарылыс салдары. Әуеден түсірілген суреттер. Тараз маңындағы қираған ғимараттар суретін мына сілтемеден көре аласыз.

27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети