27 тамыз 2021 10:04

Тараз маңындағы жарылыстар: оқиғаның хронологиясы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери нысандағы оқиға қалай басталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери нысандағы оқиға қалай басталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"26 тамызда сағат 18.45-те "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының инженерлік оқ-дәрі базасында қоймалардың бірінен өрт шықты. Өртті ауыздықтауға әскери бөлімнің өрт сөндіру күштері дереу кірісті, әскери бөлімнің кезекшісі "Оңтүстік" қолбасшылығы басқармасының жедел кезекшісін және Байзақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімін дереу хабардар етті. Бірінші кезеңде оқшаулау үшін барлығы 500-ге жуық адам тартылды. Кейін олар санын мыңға дейін арттырды. 31 дана әскери техника жұмылды.

Өрт сөндірушілердің күш-жігеріне қарамастан, өрт шыққаннан кейін бір сағаттан соң алғашқы жарылыстар болды, барлығы әр уақытта 10-нан аса шағын жарылыстар болды", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Оның айтуынша, бұл қоймада тек инженерлік оқ-дәрілер ғана емес, сонымен қатар аз мөлшерде ұшу қашықтығы тұрғысынан қауіпті заттар сақталған.

"Инженерлік оқ-дәрілер алысқа ұшып кетпейді. Олардың бір бөлігі екі жыл бұрын Арыс қаласынан шығарылған. Ұшу ауқымы жағынан қауіпті оқ-дәрілер бұл қоймада аз мөлшерде болды. Жарылыс болған жағдайда фрагменттердің максимал ұшу қашықтығы үш шақырымға дейін. Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды", - деді министр.

Оның айтуынша, жарылыстар осы сәтте тоқтаған. Өрт әлі де бірнеше қоймаларда байқалады.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан төрт әскери адам қаза тапқаны айтылған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын.

Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстардан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қауіпсіздік үшін жолдарға шектеу қойылғанын хабарлаған болатын. 

Жамбыл облысындағы жарылыстар: жедел желі нөмірлері жарияланды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети