28 қаңтар 2021 14:42

"Адамдарды жаппай чиптеу". Билл Гейтс айыптауларға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзатты жаппай чиптеуді қолға алмақ деп тағылған айыптарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзатты жаппай чиптеуді қолға алмақ деп тағылған айыптарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гейтстің айтуынша, өзі және АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі жетекші сарапшысы Энтони Фаучи туралы "зұлым қастандық теориялары" туралы миллиондаған интернет хабарлама, коронавирус пандемиясы және әлеуметтік белсенділіктің өсуіне байланысты танымал болғанын айтты.

"Мені және дәрігер Фаучиді миға сыймайтын теориялармен танымал болады деп ешкім күткен жоқ. Бұл таңғаларық жайт. Уақыт өткен сайын бұл ұмытылады деп үмітенемін", - деді ол.

Кәсіпкер адамдарды бақылап отыру мақсатында микрочиптерді енгізу үшін пандемия жағдайын тудырды деген хабарламаларды кездестіргенін айтты.

"Адамдар бұған шынымен сене ме? Алдағы жылы бұл туралы зерттеп, олардың мінез-құлқы қалай өзгереді және оны қалай өзгертуге болатынын түсінуіміз керек", - деді Гейтс.

Пандемия басталғаннан бері бір жыл ішінде Желіде коронавирус және оның пайда болуы туралы көптеген теория таралды. АҚШ-тың Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтының (NIAID) директоры Энтони Фаучи мен Билл Гейтс осы оқиғалардың көбісіне қатысы бар тұлға ретінде аталып жүр. Оларды "пандемия жағдайын тудыру арқылы адамдарды басқаруға және вирустың таралуынан пайда табуға тырысты" деп санайды. Гейтсті "вакцина арқылы адамдардың денесіне микрочип енгізіп, мінез-құлқты бақылау үшін қолданды" деп айыптады.

Миллиардердің өзі коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети