20 тамыз 2021 15:43

АҚШ-та Қытайдан жіберілген 3 мыңнан аса жалған вакцинация сертификаты тәркіленді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

АҚШ-тың Аляска штатындағы Анкоридж қаласындағы шекара және кеден қызметкерлері, Қытайдан жіберілген 3000-нан аса жалған вакцинация сертификатын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сілтеме жасап.


АҚШ-тың Аляска штатындағы Анкоридж қаласындағы шекара және кеден қызметкерлері, Қытайдан жіберілген 3000-нан аса жалған вакцинация сертификатын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, құжаттардың сапасы нашар, бірақ олардың дизайны АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) шынайы сертификаттарына ұқсас. Кеденшілер заңсыз жүк салынған 150-ге жуық жолдаманы анықтады. Қытайдан жіберуші бір адам.

"Бұл жалған вакцинация сертификаттарын анықтау америкалықтар қауіпсіздігі үшін маңызды. Аляскадағы отандастарымызға деген қамқорлық. Біз мақтанышпен айтатын көп міндеттердің бірі", - деді Анкоридж аймақтық порт директоры Лэнс Робинсон.

Анкоридждегі жергілікті порт директорының көмекшісі Кимберли Фернандестің айтуынша, жалған вакцинация сертификаттары АҚШ-тың Аляскадан басқа жерлеріне де жөнелтілген.

FedEx Corp халықаралық торабы орналасқан Тед Стивенс Анкоридж халықаралық әуежайы - әлемдегі жүк тасымалдау көлемі бойынша төртінші орында.

Бұған дейін АҚШ-тың фармацевті COVID-19-ға қарсы вакцинаның жүзден аса сертификатын сатқаны үшін 120 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети