23 тамыз 2016 09:44

АҚШ-та полицей ымдап түсіндіргісі келген мылқау жүргізушіні атып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© WCNC телеарнасынан алынған кадр © WCNC телеарнасынан алынған кадр

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында полицей ымдап түсіндіргісі келген саңырау әрі мылқау жүргізушіні атып тастаған, - деп хабарлайды WCNC телеарнасы.


АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында полицей ымдап түсіндіргісі келген саңырау әрі мылқау жүргізушіні атып тастаған, - деп хабарлайды WCNC телеарнасы.

Полициядағылардың айтуынша, олар жол бойында Volvo автокөлігінде 29 жастағы Дэниэл Кевин Харрис есімді азамат жылдамдықты асырды деген деректі тіркеген. Полицейлер автокөлікті тоқтатпақшы болған екен, алайда жүргізуші тәртіп сақшыларына ешқандай назар аудармай, жүре берген.

Содан полиция қызметкерлері оны соңынан қуып, салдарынан екі көлік соқтығысқан. Кенеттен Харрис тоқтап, көліктен шыққан. Куәгерлердің айтуынша, он секундтан кейін атыстың дауысы шығып, нәтижесінде Харрис оқиға орнында қаза тапқан. 

Қаза тапқан 29 жастағы Харристің көршілерінің айтуынша, ол саңырау әрі мылқау болғандықтан полицейлердің дабылын естімеген және оларға не керек екенін тіпті түсінбеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети