07 желтоқсан 2022 17:11

Барселонада екі пойыз соқтығысты: зардап шеккендер бар

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:twitter.com/TRTWorldNow Фото:twitter.com/TRTWorldNow

Барселона түбінде екі пойыз соқтығысып, кем дегенде 155 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Барселона түбінде екі пойыз соқтығысып, кем дегенде 155 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Барселона маңындағы Монкада-и-Решак қаласының вокзалында болған. Жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 7:50-де жолаушылар пойызы басқа пойызбен соқтығысқан.

Каталонияның төтенше жағдайлар қызметі 150 адам жеңіл жарақат алғанын, 5 адамның жағдайы орташа ауыр екенін хабарлады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 3 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілген, оның ішінде тобығы сынған адам бар.

Әзірге апаттың себептері туралы ақпарат айтылмаған. Полиция тергеуді бастады. Бүгінде барлық жолаушы пойыздардан эвакуацияланған. Үш теміржол желісі бойынша пойыздар қозғалысы кідіріспен жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети