ДАИШ "орыс пен америкалық кресшілерге" қасиетті соғыс ашатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.Ru.
ДАИШ "орыс пен америкалық кресшілерге" қасиетті соғыс ашатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.Ru.
Қорқыту мәніндегі хабарлама ДАИШ баспасөз хатшысы Әбу Мұхаммед әл-Аднанидің Интернетте жария болған аудиоүндеуінде айтылады. Нақтырақ айтса, онда "мұсылмандарға қарсы крест жорығын жариялаған орыстармен және америкалықтармен соғыс" туралы айтылады.
Еске сала кетейік, Ресей 30 қыркүйектен бері Сирияда әуе операцияларын жүргізіп жатыр, бұл арқылы, олардың мәлімдеуінше, ресейлік әскер сириялық билікке ДАИШ-пен күресуге көмектесіп жатыр. Бұл бастаманы Ресей президент Башар Асадтың өтініші бойынша көтерген делінеді. Осыған дейін әуе шабуылдарына Су-25 шабуылдаушыларының, Су-24М және Су-34 бомбалаушыларының қолданылып жатқаны, ал әуеден Су-30СМ жойғыштарының қолданылғаны хабарланған болатын.
Ал өз кезегінде Түркияның сыртқы істер министрлігі Франциямен, Германиямен, Катармен, Сауд Арабиясымен, Ұлыбританиямен және АҚШ-пен бірге Ресейді сириялық оппозицияға шабуыл жасамай, оның орнына ДАИШ-пен күреске бар күшті салуға шақырып отыр. Ресеймен бірігіп, сириялық армияға әуеден қолдауды АҚШ-тың басшылығымен қызмет ететін коалициясы да білдіріп отыр - альянстың Сириядағы қақтығысқа қатысып жатқанына екі жылдан асты.