Донецкіде екі мыңға жуық адам президент сайлауына қарсы шеруге шықты

25 Мамыр 2014, 16:27
0
Донецкіде екі мыңға жуық адам президент сайлауына қарсы шеруге шықты - ©Reuters
©Reuters

Донецкіде екі мыңға жуық адам Украинадағы президент сайлауына қарсы шеруге шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Адамдар қаланың орталығындағы алаңға жиналып жатыр. Шеруге қатысушылар Ресейдің туын ұстап, кезектен тыс президенттік сайлауға қатыспауға шақыруда. Донецк облысындағы 22 сайлау орталығының бар болғаны тоғызы ғана жұмыс істеп тұр. Қаланың ішінде сонымен қатар Славянскіде, Краматорскіде, Горловкада, Константиновкада және Дружковкада сайлау учаскелері жабық тұр. 

ТСН сайтының хабарлауынша, Донецкіде "Юнион" телеарнасының ішіне қаруланған 15 адам кіріп, эфирден Донецк халықтық республикасының туын көрсетуді талап еткен. Одан бөлек, қарулы адамдар телеарна басшыларына редакцияның саясатын өзгертіп, республиканың басқару органдарының қызметін көрсетуді міндеттеп отыр. Мұндай жағдайларға қарамастан қаруланған адамдар телеарнаны күзету мақсатында келдік дейді. 

Еске салайық, Украинада президент сайлауы басталды. Сайлау бөлімшелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 8.00-де (Астана уақыты бойынша 11.00-де) ашылды. Бюллетеньде 21 кандидаттың фамилиясы көрсетілген. Бірақ,  бұған дейін Симоненко, Цушко, Шкиряк және Клименко өздерінің кандидатурасынан бас тартқан болатын. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. Егер ешкім 50 пайыз дауыс жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңінде ең көп дауыс жинаған екі кандидат жарысқа түседі.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай