13 сәуір 2022 18:14

Франция мен Нидерланды Ресей активтеріне тыйым салды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Франция мен Нидерланды билігі Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттеріне байланысты ресейлік активтерге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Франция мен Нидерланды билігі Ресейдің Украинадағы әскери әрекеттеріне байланысты ресейлік активтерге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Францияның Экономика және қаржы министрлігі бүгінге дейін ел өз аумағында Ресейдің 23,7 миллиард еуро активтерін бұғаттағанын хабарлады.

Capital басылымының мәліметінше, мұздатылған активтердің негізгі бөлігі Ресейдің Орталық банкінің активтері, олардың құны, Министрліктің мәліметі бойынша 22,8 миллиард еуро.

Активтер тізіміне жалпы құны 573,6 миллион еуро болатын 33 мүлік кіреді, оның ішінде антибах, Сент-Жан-Кап Ферра және француз Ривьерасындағы Сент-Тропедегі курорттық мекенжайлар, сонымен қатар 178 миллиард евро.

Сонымен бірге, Нидерландының Ресейге қарсы санкцияларды жүзеге асыру жөніндегі үйлестірушісі Стеф Блок ел 500-ден 600 миллион еуроға дейін ресейлік активтерді тоқтатты деп мәлімдеді.

"Нидерландыда 500-ден 600 миллионға дейінгі ресейлік активтер бұғатталды. Бұл біздің осы мәселе бойынша еуропалық рейтингтің төменгі бөлігінде емес екенімізді білдіреді", - делінген үкімет мәлімдемесінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети