31 мамыр 2022 07:04

"Газпром" тағы бір ЕО еліне газ беруді тоқтатты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

"Газпром" компаниясы 31 мамырдан бастап Нидерландыға газ беруді тоқтататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Deutsche Welle.


"Газпром" компаниясы 31 мамырдан бастап Нидерландыға газ беруді тоқтататынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Басылым мәліметінше, Нидерланды төлемді ресейлік валютада жасай алмайтынын, бұл еуропалық санкцияларды бұзуы мүмкін екенін айтқаннан кейін "Газпром" газ беруді тоқтататыны туралы шешім қабылдаған. 

Негізі, екі ел арасындағы келісімшарт қазанда аяқталуы керек еді. 

Еске салайық, бұған дейін Ресей Польша, Болгария және Финляндияға газ жеткізуді тоқтатқан болатын. Жақында Дания бұл тізімді толықтыруы мүмкін, себебі жергілікті энергетикалық компания Мәскеу ұсынған схема бойынша төлем жасауды жоспарламайтынын ашық айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети