07 наурыз 2021 12:35

Германия дүкендерінде коронавирусты анықтайтын экспресс-тест сатыла бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Хабар 24" Фото: "Хабар 24"

Германиядағы ірі дүкендер желісінің бірінде коронавирусқа қарсы экспресс-тест сатыла бастады, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 


Германиядағы ірі дүкендер желісінің бірінде коронавирусқа қарсы экспресс-тест сатыла бастады, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, бір қорапта 5 тест бар. Бағасы - 25 еуро (шамамен 12 500 теңге). Әр адам бір ғана қорап ала алады.

Үкімет бұл шара елдегі індетке қарсы шектеулерді бәсеңдетуге көмектесетінін айтады. Германияда карантин наурыздың 28-іне дейін ұзартылған. Бірақ әр аймақ эпидемиологиялық ахуалға байланысты тыйымдарды жеңілдете алады.

"Мен дүкенде экспресс-тест сатылып жатқанын естіп, оны бірден алуды шештім. Бұл өзіңнің вирус жұқтырғаныңды тез анықтап, тиіс шаралар қабылдауға көмектеседі", - дейді жергілікті тұрғын Кристиан Коул.

Айта кетейік, Германия коронавирус жұқтырғандар саны бойын 10-орында: пандемия басталғалы елде 2,5 миллион адамнан коронавирус анықталып, оның 2,3 миллион аурудан айыққан. Жалпы 72 470 адам қайтыс болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети