Иран бітімнен кейін алғаш рет әлемдік нарыққа мұнай жеткізуді жандандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран бітімнен кейін алғаш рет әлемдік нарыққа мұнай жеткізуді жандандырды depositphotos.com

Иран АҚШ-пен екі ай бұрын жасалған бітімнен кейін алғаш рет мұнайды экспортқа шығарды. Вашингтон мен Тегеран арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнен кейін теңіз арқылы тасымалдау қайта жанданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ке сілтеме жасап.


Иран АҚШ-пен екі ай бұрын жасалған бітімнен кейін алғаш рет мұнайды экспортқа шығарды. Вашингтон мен Тегеран арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнен кейін теңіз арқылы тасымалдау қайта жанданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW-ке сілтеме жасап.

Геолокациялық мәліметтер мен спутниктік суреттер арқылы мұнайдың тасымалдануы мен сақталуын бақылайтын TankerTrackers сайтының мәліметінше, ирандық екі супертанкер Diona мен Hero2 АҚШ Әскери-теңіз күштері теңіз қоршауы аймағынан шықты. Кемелер бортында жалпы 3,8 миллион баррель (604 миллион литр) иран мұнайы болған. Кейін сайт бір миллион баррель мұнай тиелген үшінші ирандық танкер өткенін тіркеді.

АҚШ пен Иран 14 маусымда атысты тоқтату туралы келісімге келді. Қақтығыс ақпанның соңында АҚШ пен Израиль Иранға жасаған әуе соққыларынан басталған болатын. Келісім басқа да шарттармен қатар бүкіл аймақта атысты дереу тоқтатуды көздейді.

60 күн ішінде Тегеран мен Вашингтон түпкілікті бейбіт келісімшартты әзірлеуі тиіс. Иран Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, соғыс басталғанда АҚШ енгізген ирандық порттар қоршауын америкалықтар 16 маусымда алып тастаған.

Ормуз бұғазы мәселесі әлі де келіспеушілік тудырып отыр - тараптар оны ашудың мерзімі мен шарттары туралы әртүрлі ақпарат айтып жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл маңызды теңіз жолы қайта ашылатынын және өту үшін ешқандай алым алынбайтынын мәлімдеді. Ал Тегеран Ормуз бұғазы "30 күн ішінде" ашылатынын айтып, кемелердің өтуі үшін ақы алуды жоспарлап отыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.23   566.33   6.71 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +22
Ақтау +25
Ақтөбе +22
Атырау +27
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +22
П
Павлодар +18
Петропавл +22
С
Семей +20
Т
Талдықорған +24
Тараз +25
Түркістан +17
О
Орал +19
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер