10 маусым 2020 09:41

Желіде Тәжікстан президентіне жасалған қастандықтың видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон © instagram/sputnik_tajikistan Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон © instagram/sputnik_tajikistan

Нилуфар Азиз есімді тәжікстандық журналист Facebook желісіндегі парақшасында 12 минуттық "Дурбини ҳақиқат" ("Шындық камерасы") деректі фильмін бөлісті. Фильмде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға жасалған қастандық таспаланған, - деп хабарлайды "Ахбор"


Нилуфар Азиз есімді тәжікстандық журналист Facebook желісіндегі парақшасында 12 минуттық "Дурбини ҳақиқат" ("Шындық камерасы") деректі фильмін бөлісті. Фильмде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға жасалған қастандық таспаланған, - деп хабарлайды "Ахбор"

Басылым мәліметінше, бұл кадрлар алғаш рет жарияланған. Видео президенттің баспасөз қызметінің архивінен және күзет қызметінен алынған болуы керек. 

Тәжікстан президентіне қастандық 1997 жылы 30 сәуірде Худжанд қаласындағы Камол атындағы театр алдында жасалған. Қылмыскерлер қару, гранаттар мен жарылғыш заттарды қолданған. 50-ге жуық адам жараланған, оның ішінде президенттің өзі мен елдің кеден басшысы Якуб Салимов та бар. 

Фильм авторының сөзінше, аяғынан жарақат алған Рахмон дәрігерлердің қарауынан кейін жарты сағаттан соң залға оралып, келген қонақтар алдында сөз сөйлеген. 

Президентке қастандық жасады деген айыппен бірнеше адам, оның ішінде, Тайсон лақап атымен белгілі бұрынғы спортшы Хуршед Абдушукуров пен Тәжікстанның бұрынғы премьер-министрі Абдумалик Абдуллоджановтың інісі Абдулло Абдулладжанов та бар. Тайсон қастандық жасаған кезде қайтыс болған, тағы екі адам өлім жазасына кесілген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети