31 желтоқсан 2020 17:43

Коронавирустың жаңа штамына байланысты Ирландия қатаң карантин жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ирландия премьер-министрі Михал Мартин коронавирустың жаңа штамы ең жағымсыз болжамдардан асып түседі деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел үкіметінің сайтына сілтеме жасап.


Ирландия премьер-министрі Михал Мартин коронавирустың жаңа штамы ең жағымсыз болжамдардан асып түседі деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлем зор жылдамдықпен таралатын COVID-19 штамымен айналысатыны анық.

"Біз әлдеқайда тез таралатын аурудың штамымен айналысатынымыз анық. Шын мәнінде, ол бізге белгілі пессимистік модельдерден жоғары қарқынмен таралады", - деді премьер.

Сондай-ақ, премьер-министр елдің денсаулық сақтау жүйесі аурудың тез таралуына байланысты шамадан тыс жүктеме шегінде екенін айтты. Осыған байланысты Ирландияда қатаң карантин шаралары енгізілді.

Мутацияланған вирусты жұқтыру жағдайлары Индонезия, АҚШ, БАӘ, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Нигерияда анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети