21 шілде 2022 17:17

Кремль Путиннің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости/Алексей Майшев © РИА Новости/Алексей Майшев

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты ақпараттарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты ақпараттарға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Оның денсаулығы жақсы. Америкалық және ұлыбританиялық, сондай-ақ украиналық ақпарат "сарапшылары" соңғы айларда президенттің денсаулығы туралы түрлі "өсек-аяң" таратып жатқанын білесіздер. Бұл "өсек-аяңнан" басқа ештеңе емес. Біз бұл туралы айтып жүрміз", - деді Песков.

Бұл ретте АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс Ресей басшысының денсаулық жағдайын "сап-сау" деп бағалады.

"Президент Путиннің денсаулығына қатысты көптеген қауесет бар. Бірақ біздің білуімізше, ол сап-сау. Бұл барлау қызметінің бейресми бағалауы", - деп келтіреді агенттік Бернстің Аспен форумында сөйлеген сөзін.

19 шілдеде Владимир Путин жұмыс сапарымен Иран астанасы Тегеранға барды. Батыс ақпарат құралдары Ресей президенті журналистердің сұрағына жауап беру кезінде жиі жөтелгеніне назар аударған.

Кейінірек Владимир Путин Тегерандағы аптап пен желдеткішке шағымданған. Президенттің баспасөз хатшысы да Иранға сапары кезінде желдеткіш астында дауысы қарлығып қалғанын айтты.

"Желдеткішке келетін болсақ, иә, шынымен ыстық, көшеде 40 градус, желдеткіш астында салқын, менің де дауысым қарлығып, менде де солай болды. Делегациядағы басқаларды білмеймін, бірақ мұндай болады, бұл ештеңе емес, бәрі жақсы", - деді Дмитрий Песков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети