19 мамыр 2018 13:35

Кубадағы әуе апаты: Назарбаев көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter.com © Twitter.com

Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Гавана қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осынау қиын сәтте, қаза болғандардың туыстары мен жақындарының, сондай-ақ барлық Куба халқының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің бәрінің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Кубада жұма күні бортында жүзден аса адамы бар Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады. Cubana de Aviacion әуе компаниясының ұшағы Гаванадан Ольгинге бағыт алған. Әуе кемесі Гавана әуежайынан ұшып шыққанына бірнеше минут өткенде құлаған. Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 110 адам болған. Кейін төрт адамның тірі екені айтылды - үш әйел мен бір ер адам. Алайда, ауруханаға бара жатқан жолда ер адам қайтыс болды. Кейінірек тағы бір әйелдің көз жұмғаны хабарланды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети