18 қараша 2022 16:24

Қырғызстанда қылмыс әлемінің авторитеті ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (МҰҚК) қызметкерлері қылмыс әлемінің авторитеті Камчы Көлбаевты (Қамшыбек Асанбек) ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.


Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (МҰҚК) қызметкерлері қылмыс әлемінің авторитеті Камчы Көлбаевты (Қамшыбек Асанбек) ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

16 қарашада Ыстықкөл облысы бойынша арнайы қызмет департаментінің қызметкерлері "вор в законе" Қамшыбек Асанбек пен оның қасындағы 10 адамды ұстағаны нақтыланды. Олар қырғыз-қытай шекарасына жақын маңда (Жеті-Оғыз ауданы) орналасқан "Булат-М" аңшылық алқабынан қайтып келе жатқан. Күдіктілер "Қарасай" шекара бекетінде ұсталды.

"Тексеру барысында олар Қырғыз Республикасы мемлекеттік органдарының тиісті рұқсатынсыз шекаралық аймақта болғаны анықталды. Осыған байланысты Қ. Асанбек пен оның сыбайластарына қатысты Қырғызстан заңнамасына сәйкес әкімшілік қамауға алу туралы тиісті хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, тінту нәтижесінде сегіз атыс қаруы (төрт "Сайга карабині және төрт "ПМ" және "Глок" тапаншасы) табылды", - делінген хабарламада.

МҰҚК баспасөз орталығынан/24.kg

Камчы Көлбаев немесе "Коля-Қырғыз" Қырғызстандағы ең танымал криминал авторитет саналады. Ол – Ыстықкөл облысының тумасы.

2011 жылдың маусымында Көлбаев АҚШ-та ресми түрде халықаралық есірткі бизнесіндегі негізгі тұлғалардың бірі ретінде танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети