21 сәуір 2022 08:49

Қытайдың оңтүстігінде құлаған Boeing 737 апатының алдын ала есебі айтылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

ҚХР азаматтық авиациясының бас басқармасы Қытайдың оңтүстігінде China Eastern Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау себептері туралы алдын ала есеп берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Материалдарда ұшақ ұшар алдында барлық қажетті техникалық тексерістен өткені, ал ұшқан кезде "қандай да бір қауіпті ауа райы құбылыстары байқалмағаны" айтылған.

Сонымен қатар, апатқа ұшыраған ұшақ бортында қауіпті деп танылатындай жүктер болмаған.

Ведомство мәліметінше, табылған екі Boeing 737 қара жәшігі қатты зақымдалған. Деректерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Осылайша, апат себебі әлі аталмаған.

Қытайдың оңтүстігінде 133 жолаушы отырған ұшақ апатқа ұшырады

Еске салайық, бұған дейін Қытайда құлаған Boeing 737-нің алғашқы қара жәшігі табылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети