28 ақпан 2023 09:39

Лукашенко ұйғырларға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көбіне басқа мемлекеттердің ісіне араласу үшін АҚШ пен Батыс елдері адам құқығы үшін күресті қолданады. Қытайға қатысты жағдайда ұйғыр халқына байланысты болып отыр. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігіне берген сұхбатында Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

"...америкалықтар келіп, ұйғырларға "демократия" орнатып, адам құқықтарына көмектеседі... Мұның бәрі - нонсенс. Тек Қытай өз аумағында барлық халыққа еркін өмір сүру құқығын бере алады", - деді Лукашенко.

Оның айтуынша, бұл халықтардың қалыпты өмір сүруін тек Қытай өз күші мен саясаты арқасында қамтамасыз ете алады.

"Америкалықтар бұл арқылы (Қытайға) кіріп, азаматтық соғыс бастағысы келеді. Олар Қытайды әлсіреткісі келеді. Сондықтан олар жеке мемлекеттерді басып, басқара алатын әртүрлі жолдар мен нүктелерді іздейді. Тек мемлекеттер емес, бүкіл өңірлер", - деп түсіндірді Беларусь көшбасшысы.

Лукашенконың айтуынша, әлем өзгерді, бүгінде тіпті АҚШ барлық майданда соғыс жүргізе алмайды.

"Сондықтан келісу керек. Барлық жерде келісу керек. Жапония, Корея, Қытай, Ресей, Үндістан, басқа елдердің де өз мүддесі бар. Тіпті дамып келе жатқан Африканың да өз мүддесі бар. Ірі елдер неоколониализм саясатын жүргізудің орнына оны ескеруі керек, Батыс елдері Африкада (жақында Африкада болдым және бұл процестермен жақсы таныспын) жасап жатқаны секілді. Әлем тек осы бағытта дамуы керек", - деді Беларусь президенті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети